Get Mystery Box with random crypto!

Кітап- алтын қазына

Telgraf kanalının logosu kitapokuu — Кітап- алтын қазына К
Telgraf kanalının logosu kitapokuu — Кітап- алтын қазына
Kanal adresi: @kitapokuu
Kategoriler: Kategorize edilmemiş
Dilim: Türk
aboneler: 19

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


En son Mesajlar

2022-07-19 11:44:43 ӨЗІҢДІ ӨЗГЕРТСЕҢ, ӨМІРІҢ ӨЗГЕРЕДІ.

Ашуға ерік берме. Үрей мен күмәнға бой алдырма. Тоқта, терең тыныс ал, ойлан.

Сенде ешкімнің шаруасы жоқ. Дәл сен сияқты жұрттың бәрі өзімен әуре.

Ештеңе де алғаш көрінгендей соншалықты жаман немесе соншалықты керемет болмайды.

Адамдардан не күтсең, өзің де оларға сондай қарым-қатынас көрсет.

Арзан-пұрзан бірнеше зат алғанша, қымбат әрі сапалысынан біреу ал.

Шын мәнінде, өмірде маңызды нәрсе өте аз. Басыңды тауға да, тасқа да ұрғанша, алдымен өзіңнен: "Бұл мен үшін шынында да өте маңызды ма әлде маған солай көрініп тұр ма?" деп сұра.

Жеңістің кілті – жеңілісті қабылдап, одан сабақ алып, ары қарай жылжуда.

Егер әлденені ойлап, өкіне бастасаң, "былай емес, басқаша істеуім керек еді" деген күмәнді ой туса, бірден қайырын ойла. Дәл қазіргі жағдай сен үшін ең қайырлы екеніне сен. Кім біледі, басқалай болғанда, сен қазіргідей қара жерді басып тұрмас па ең...
2 views08:44
Aç / Yorum Yap
2022-07-14 09:18:56 1 үй
Сіздің үйіңізге күн сәулесі дұрыс түспейді. Терезелерді жуып, жарық түсетіндей ашық түсті перделерді ілу керек. Сондай-ақ, шамдарды дұрыс таңдау керек.
№2 үй
Үйде ашық түстер жоқ. Барлығы өте қарапайым және сұр реңк тартады. Сол себепті, оның бәрін өзгерту керек. Түрлі-түсті жастықтар, мүсіншелер немесе әдемі картиналар сатып алып көріңіз. Мұндай жаңару  өміріңізге және үйіңізге жаңа қуат әкеледі.
№3 үй
Жасыл немесе гүлді өсімдіктерді қосу керек. Сатып алғаннан кейін оларға күтім жасауды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, үй жануарларын асырап алыңыз. Егер үйде бар болса, оларға көбірек көңіл бөліңіз.
№4 үй
Үйіңізде өзіңізге мүлде ұнамайтын нәрселерді мүмкіндігінше тезірек өзгертуге тырысыңыз. Жөндеңіз, жиһазды ауыстырыңыз немесе жай ғана қайта реттеңіз. Міне, осындай өзгерістерден кейін сіз өзіңізді үйде жайлы сезіне аласыз.
№5 үй
Жалпы тазалау жұмыстарын көбірек жасаңыз. Керек емес заттарды жинап, қажет адамдарға беріңіз немесе жай ғана тастаңыз.
8 views06:18
Aç / Yorum Yap
2022-07-11 16:01:14
Суретте көрсетілген үйдің бірін таңдап,отбасыңыздың әл-ауқатын қалай жақсарту керек екенін біліңіз
Anonymous Poll
33%
1-үй
33%
2-үй
0%
3-үй
33%
4-үй
0%
5-үй
3 voters7 views13:01
Aç / Yorum Yap
2022-07-11 15:58:57
7 views12:58
Aç / Yorum Yap
2022-07-09 06:46:24 КЕЛЕ ЖАТҚАН ҚҰРБАН АЙТТАРЫҢЫЗБЕН! ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТ БЕРЕКЕ ҚУАНЫШ ӘКЕЛСІН ЖАНҰЯЛАРЫҢЫЗҒА!

Дендеріңе саулық берсін,
Өмірлеріңе жететін байлық берсін.
Ұл балаларың ынтымақты болсын,
Қыз балаларың гүл сияқты болсын.

Келіндерің ырысты болсын,
Айтпай білетін, білісті болсын.
Құдаларың сыйласатын болсын,
Құдағиларың сырласатын болсын.

Туысқандарың тату болсын,
Қыйналсаң түсіп, атын берсін.
Көршілерің туысқандай болсын,
Жақсылығы досыңдай болсын.

Ел-жұртың қадірлейтін болсын,
Бар мәзірін алдыңа әзірлейтін болсын.
Ынтымағы елімнің бұзылмасын,
Берсін Алла бәріне ұзын жасын.

Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,
Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.
Тілегімді қабыл ет,
Иманымды азық ет,
Барлығыңның сыртыңнан,
Қорғап жүрсін Қазірет.
9 views03:46
Aç / Yorum Yap
2022-07-08 20:55:33 Кітапты бос болғанда емес, арнайы уақыт бөліп оқу

Кітап оқудағы өзімнің бір тәсіліммен бөлісіп қояйын. Мысалы, кітап 7 бөлімнен тұрады. Онда ойдың қорытылуы үшін әр бөлімді 1 күнде аяқтаңыз, таңертең 15минут, кешке 15 минут уақыт бөлсеңіз, бір бөлімді аяқтауыңыз әбден мүмкін.

Бір уақытта бірнеше кітап бастамаймын.

Арасында аудио кітаптар, подкасттар тыңдау өте ыңғайлы.

Жоғарыда салған Сира Адамзаттың асыл тәжі 110 тақырып екен, күніне 11 тақырып тыңдасақ, 10 күнде аяқтауға болады.

Тыңдап жүріп, үй шаруасын жасауға, серуендеуге болады. Уақытты тиімді, әрі пайдалы өткізейік
3 views17:55
Aç / Yorum Yap
2022-07-08 06:03:32 Арапа әрдайым зүл хижжа айының тоғызыншы тәулігі, яғни Құрбан айттан бір күн бұрын болады. Бұл күні қажылыққа барған қауым таң намазына дейінгі уақыттта Арафат тауында бір мезет тұрақтайды. 

Арапа сөзі арабтың "түсіну", "білу" мағынасын білдіретін "ъарафа" естістігінен шыққан. Аталмыш күннің "Арапа" деп аталуын Исмайыл пайғамбармен байланыстырады.

Арапа түнінде қажылыққа бармаған адамдар ораза ұстап, нәпіл намаздар оқиды. Алладан тілек тілеп, дұға етеді. Бұл күні ораза ұстаған жанның өткен жылғы және келер жылғы барлық күнәлары кешіріледі. 
10 views03:03
Aç / Yorum Yap
2022-07-08 06:03:10
10 views03:03
Aç / Yorum Yap
2022-07-07 05:20:44
11 views02:20
Aç / Yorum Yap
2022-07-06 06:07:50 №1 қолшатыр назарыңызды аудартса:
Сіз ешқашан жүрегіңіздің үніне құлақ аспайтын жансыз. Бәлкім өміріңіздің бір кезеңінде жүрегіңіздің айтқанын тыңдап, опық жеген боларсыз. Содан бері мәселелерді тек ақылмен шешесіз. Ақылыңыз сізді ешқашан адастырған емес. Әр істің тура жолын оңай табатын адамсыз.

Егер №2 қолшатырды таңдасаңыз
Сіз уақыт көшінен оза жүретін жансыз. Әрдайым жаңалыққа жаныңыз құмар. Ешкімнің ойына кіріп шықпайтын идеяларды жүзеге асырып жүресіз. Киім кию үлгіңіз де өзгелерге ұқсамайды. Басқалар үшін батыл қадам болып саналатын іс-әрекеттер сіз үшін үйреншікті. Өйткені сіз өзгелердің тісі батпайтын шаруаларды әп-сәтте тындыра аласыз. Сіздің қолыңыздан барлығы келеді.

№3 қолшатыр ұнаса:
Сіз өзгелердің назарын аудартқыңыз келмейтін жансыз. Сіз тек туыстарыңыз бен жақындарыңызға ғана ашыла сөйлейсіз. Эмоцияңызды өзгелерге білдіртпесеңіз де өте мейірімді екеніңізді жақындарыңыз жақсы біледі. Сырт көзге суық көрінетін жүзіңіздің ар жағында жылулық барын сезген әрбір адам сіздің адал ниетіңізге тәнті болары анық.

№4 қолшатырға таңдауыңыз түссе:
Сіз өмірде майда-шүйде мәселелерге бас қатырмайтын адамсыз. Өмірдің әрбір сәтін бағалай алатын қасиетіңіздің арқасында көптеген жетістіктерге жетесіз. Кішкене жолыңыз бола қалса, арқаңызды кеңге салып, көп мақтанып кететін қасиетіңіз бар. Бірақ сіз үшін ол да маңызды емес. Барлығына қолыңызды бір сілтеп, тек өз мүддеңіз үшін ғана өмір сүресіз.

№5 қолшатырды таңдасаңыз:
Сіз арманшыл адамсыз. Айналаңыздағы әрбір құбылыстан ғажайып іздейсіз. Сіз үшін шығармашылықпен айналысып, өз қабілетіңізді арттыру маңызды. Өмірдегі ғажайыптардың сырын ұғуға талпынасыз. Көп ойланатындықтан, жүзіңіз аздап шаршаңқы көрінуі мүмкін. Алайда, сіз көңілді жүретін жандардың қатарынансыз.

№6 қолшатырды көзіңізге түссе:
Сіз сөйлеу шеберлігіңізбен, өзіңізді ұстауыңызбен өзгелерді тарта аласыз. Адамдардың ортасында көшбасшылық қасиетке иесіз. Барлығы сіздің ақыл-кеңесіңізге жүгінеді. Және сіздің берген кеңесіңіз пайдаға асып жатады. Сол себепті адамдар сізді сыйлайды. Өкініштісі, өзгелерге айтқан ақылыңыз өзіңізге жүрмей қалады. Қиын сәтте қам жемеңіз, сіз бәрібір тығырықтан шығудың жолын жақсы білесіз.
15 views03:07
Aç / Yorum Yap