Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мен Өзбекстан арасын жаңа теміржол желісі жалғамақ | Turkic academy

Қазақстан мен Өзбекстан арасын жаңа теміржол желісі жалғамақ

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да контейнерлік транзиттік тасымалдарды дамыту туралы өткен брифингте ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі Сарыағаш өткізу пунктінде жүктемені түсіруді қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында «Дарбаза-Мақтарал» жаңа теміржол желісін салу жоспарлануда. «Дарбаза-Мақтарал-Жизақ» немесе «Дарбаза-Өзбекстан» станциясы Сарыағаш өткізу пунктінің ағымдағы жүктемесін ескере отырып, жаңа өткізу пункті құрылмақ», деді Жәнібек Тайжанов.

Оның айтуы бойынша, аталған жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін 2 есе ұлғайтуға, жүктерді тасымалдау мерзімін 1,5 есе қысқартуға мүмкіндік береді.

«Бұл жоба Орталық Азияның Еуропаға экспорттық-импорттық ағымын қабылдауға мүмкіндік беріп, Қазақстанның халықаралық нарықтардағы ұстанымын нығайта түседі. #TWESCO