Get Mystery Box with random crypto!

Мәжіліс депутаттары Түркі Академиясына қатысты құжатты талқыла | Turkic academy

Мәжіліс депутаттары Түркі Академиясына қатысты құжатты талқылайды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

«Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін регламенттеу мақсатында әзірленді. Ратификациялауға ұсынылып отырған келісім Түркі Академиясының құқықтық субъектілігі мен құқықтық қабілеттігін және оның қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті құжат бойынша 2022 жылғы 26 қазанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, депутат Дархан Мыңбай палатаның жалпы отырысында.

https://twesco.org/post/862