Get Mystery Box with random crypto!

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Қазақстан мен Моңғолия арасын | Turkic academy

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынасының 30 жылдығымен құттықтады

Бүгін, 22 қаңтар Қазақстан мен Моңғолия дипломатиялық қатынастар орнатқанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэгке құттықтау хатын жолдап, жылы лебізін білдірді.

«Өзіңізге айрықша құрметімді білдіре отырып, Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жылдарда Қазақстан мен Моңғолия ынтымақтастығы нығайып, елдеріміздің саяси-экономикалық, рухани-мәдени қатынастары тереңдей түсті. Қазақстан мен Моңғолия ежелден көршілес өмір сүріп, көшпелі өркениетке үлес қосқан тарихи тамыры, бастан кешкен тағдыры ортақ бауырлас елдер», – делінген құттықтау хатта.