Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығы | Turkic academy

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Eurasian Book Fair-2022» бесінші Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды.
20-24 сәуір аралығын қамтитын ауқымды іс-шараға Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған ғылыми-танымдық еңбектер де қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің елеулі аумағына орналасқан Түркі академиясының стендіне академия басшысы Дархан Қыдырәлі, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Борашев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асқаров және зиялы қауым өкілдері арнайы келіп, жаңа басылымдармен танысты.
https://twesco.org/post/956