Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырә | Turkic academy

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) атқарушы директоры, Төтенше және өкілетті елші Қайрат Сарыбаймен кездесті.
Түркі академиясына арнайы келген АӨСШК атқарушы директоры Түркі кітапханасы мен музейін аралап көріп, осында сақтаулы тұрған жәдігерлермен және кітап қорымен танысты.
Кездесу барысында Д. Қыдырәлі Академияның жүзеге асырып жатқан жобалары жөнінде мәлімет берді. Сонымен тараптар білім және ғылым бағытындағы ұйымның бірқатар бастамалар жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында Д. Қыдырәлі Академияға ілтипат білдіруге келген Қайрат Сарыбайға алғыс айтып, Түркі академиясы басып шығарған ғылыми еңбектерді тарту етті.
https://twesco.org/post/957