Get Mystery Box with random crypto!

Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының 6-ші | Turkic academy

Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының 6-ші отырысына қатысуға келген делегация Бішкектегі Ала-Арча зиратына барып, көрнекті қырғыз жазушы, Қырғызстан Ғылым академиясының академигі, Қырғыз Республикасының батыры Түгөлбай Сыдыкбековтың рухына тағзым етіп, гүлшоқтарын қойды.
Айта кету керек, биыл Қырғыз Республикасында Халық жазушысы Түгөлбай Сыдыкбековтың 110 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы да аталған мерейтойды 2022 жылдың айтулы даталары тізіміне қосып, бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастыруда.
Түгөлбай Сыдыкбеков қырғыз халқының жазба көркем сөз өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Ол алғашқы ұлттық романның авторы болған. Сонымен қатар, қырғыз әдебиетінің классигі Мемлекеттік сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған жазушы.
Жазушының шығармалары, әзербайжан, қазақ, қытай, литва, латыш, мажар, орыс, өзбек, поляк, румын, словак, тәжік, түрікмен, украин, ұйғыр, чех және эстон тілдеріне аударылған.
https://twesco.org/post/1019