Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еурази | Turkic academy

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, Кенесары Қасымұлының 220 жылдық мерейтойына орай «Хан Кенеге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырды.
Тағылымды іс-шараға қатысушылар алдымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қараөткел» зиратына барып, осында жерленген Кенесары хан сарбаздарының рухына тағзым етті.
Бұдан кейін алқалы жиын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында жалғасты.
Келелі басқосу аясында Түркі академиясы әзірлеген «Кенесары хан» атты кітаптың тұсаукесер рәсімін жасалды.
Көпшілік назарына ұсынылған «Кенесары хан» кітабын М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкерлері Нұржұма Елесбай және Насихат Набиолла қолжазбадан оқып мәтінтанулық жұмыстар атқарып, құрастырып шығарды.
https://twesco.org/post/1028