Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Баку қаласында Халықаралық Түрік академиясының президент | Turkic academy

Бүгін Баку қаласында Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті.
Кездесуде тараптар жүзеге асырылып жатқан жобалар мен ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.
Академия басшысы Д. Қыдырәлі ұйымның атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндап, алдағы уақытта жоспарланған жобалары туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде, Сыртқы істер министрі Түркі академиясының қызметін жоғары бағалап, алдағы уақытта да ұйымның бастамаларына қолдау көрсетіп, табысты бірлескен жобаларды жалғастыратынын атап өтті.
https://twesco.org/post/1043