Get Mystery Box with random crypto!

18 маусымда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан | Turkic academy

18 маусымда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасы Милли Меджлис төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті.
Кездесуде Милли Меджлис спикері Халықаралық Түркі академиясы өзінің құрылған күнінен бастап түркі елдерінің ғылыми интеграциясын нығайтуға, олардың ортақ мұрасын жан-жақты насихаттауға, түркі әлеміндегі білім және ғылым саласындағы жұмыстарды үйлестіруге табысты қызмет етіп жатқанын атап өтті. Әзербайжан, өзге де Түркі ынтымақтастық ұйымдарымен қоса, Түркі академиясының да қызметіне зор мән беріп, оны одан әрі дамытуға атсалыса беретінін жеткізді.
Сонымен қатар, Спикер Академияның түркітілдес елдер арасындағы ғылым саласындағы ынтымақтастығын дамыту бағытында маңызды бастамаларын атап өтті.
Өз кезегінде Академия басшысы ұйымның жасаған жұмыстары туралы айтып, Милли Меджлис төрайымы С. Гафароваға және депутаттарға Академия қызметін қолдағаны үшін алғысын білдірді.
https://twesco.org/post/1044