Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырә | Turkic academy

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Каринмен кездесті.
Кездесуде Мемлекеттік кеңесші түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңыздылығын айтып, Қазақстанның білім, ғылым саласындағы басым бағыттарды атап өтті. Ерлан Қарин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық ғылым академиясында және Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөздерінде айтылған руханият, мәдениет, білім, ғылым салалары бойынша бастамаларының мәні мен маңызына тоқталды.
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының білім, ғылым бағытында атқарған жұмыстары жөнінде, оның ішінде, халықаралық ұйым шеңберінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында өткен іс-шаралар туралы баяндады. Бұдан бөлек, пандемиядан кейін жалғасқан Моңғолиядағы археологиялық қазба жұмыстары мен экспедициялардың барысын жеткізді.
https://twesco.org/post/1073