Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырә | Turkic academy

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы Бірікккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (UN DP) тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті.
Кездесу барысында Д. Қыдырәлі Академияның жүзеге асырып жатқан жұмысы жөнінде кең мәлімет берді. Сонымен тараптар білім және ғылым бағытындағы ұйымдар арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады.
Якуп Бериш түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда Академияның айрықша маңызды ұйым екеніне тоқталып, атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында Академия басшысы БҰҰ ДБ тұрақты өкіліне Түркі академиясы жарыққа шығарған бағалы басылымдарды тарту етті.
https://twesco.org/post/961