Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырә | Turkic academy

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездесті. Кездесуге, сондай-ақ, Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли қатысты.
Келелі басқосу барысында тараптар Түркі әлемінің интернеттегі идентификациясы жайында пікірлесіп, бірқатар жобалар туралы әңгімелесті.
Сонымен қатар, нәтижелі кездесуде Түркі әлемі мұрасының электрондық қоры саналатын «Аталар мирасы» порталының аясын кеңейту, екі томдық «Түркістан» энциклопедиясы және өзге де бірқатар еңбектер негізінде Түркі әлемінің онлайн энциклопедиясын әзірлеу туралы жобаларды талқылады.
Өз кезегінде Академия басшысы ғылыми диссертациялар мен архивтерді цифрландырып, арнайы электрондық база құру жөніндегі бастамасымен бөлісті.