Get Mystery Box with random crypto!

27 сәуірде Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы Қазақ | Turkic academy

27 сәуірде Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «Ұлы тұлғалар және Түркі әлемі» атты келелі басқосу өткізді. ЮНЕСКО аясында өткізіп жатқан Аталған шара ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, сонымен қатар, заңғар жазушы М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшісі Еркебұлан Сапиев, Түркия парламентінің депутаты Үлкер Гүзәл, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Омероглу, Хаджеттепе Университетінің профессоры Осман Хората, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері мен танымал ғалымдар, елшілік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тағылымды шара аясында қос бірдей тұрғырлы тұлғаның мерейтойына орай Халықаралық Түркі академиясы әзірлеп жарыққа шығарған бірқатар еңбектердің таныстыру рәсімі өтті.
https://twesco.org/post/966