Get Mystery Box with random crypto!

27 сәуірдеТүркия Республикасына жұмыс сапарымен барған Халықар | Turkic academy

27 сәуірдеТүркия Республикасына жұмыс сапарымен барған Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығына (ANKASAM) барып, түрік саясаттанушылар мен сарапшылардың алдында дәріс оқыды. Дәріс «30 жылдық ынтымақтастық аясындағы Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы» тақырыбында өрбіді.
Белгілі сарапшылар қатысқан басқосу барысында Академия басшысы тамырлас елдер арасындағы ынтымақтастықтың дамуы және Қазақстанда жүріп жатқан реформалар жөнінде ойларымен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында Д. Қыдырәлі осындай мүмкіндікті ұсынған ANKASAM басшысы Мехмет Сейфеттин Еролға ризашылығын білдіріп, Академия басып шығарған бағалы еңбектерді тарту етті.
https://twesco.org/post/967