Get Mystery Box with random crypto!

27 сәуірде Анкара қаласындағы іссапары аясында Халықаралық Түр | Turkic academy

27 сәуірде Анкара қаласындағы іссапары аясында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовпен кездесті.
Кездесуде тараптар түркі елдері ынтымақтастығы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарлар туралы пікірлесті.
Елші Рашад Маммадов Түркі Академиясы жүзеге асырып жатқан жобаларға ризашылығын білдіріп, ұйымның бастамаларына қолдау көрсететінін жеткізді.
Кездесу соңында Д. Қыдырәлі жылы қабылғаны үшін Елші мырзаға алғыс айтып, ұйым жарыққа шығарған бағалы басылымдарды тарту етті.
https://twesco.org/post/970