Get Mystery Box with random crypto!

29 сәуірде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қ | Turkic academy

29 сәуірде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі «Anadolu Ajansı» халықаралық ақпараттық агентігінің Анкарадағы орталық кеңсесіне арнайы барып, бас редакторы Фарук Токатпен кездесті.
Кездесуде Ф. Токат Д Қыдырәліге «Anadolu Ajansı» халықаралық ақпараттық агентігінінің жұмысы туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде, Академия басшысы Түркі әлеміндегі бекем байланыстарды нығайтуда «Anadolu Ajansı» агентігінің маңызы зор екенін атап өтті.
Д. Қыдырәлі Агентіктің бас редакторы Ф. Тоқатқа жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Түркі академиясы әзірлеп шығарған Қарахан дәуірінде көне түркі тіліне аударылған Құран кітабын сыйға тартты.
Кездесуден кейін Академия басшысы «Anadolu Ajansı» тілшісіне Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы жөнінде сұхбат берді.
https://twesco.org/post/971