Get Mystery Box with random crypto!

29 сәуірде Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы Түрік | Turkic academy

29 сәуірде Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы Түрік тілі коғамының қолдауымен бірқатар ғылыми кітаптардың таныстырымын өткізді. Тағылымды шара Юнус Эмре мен Түрік тілі жылы, сонымен қатар Түрік тілі коғамының құрылғанының 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түрік тілі қоғамының төрағасы Гүрер Гүлсевин, Түркия Президенті әкімшілігінің экс-басшысы Мұстафа Исен, «Білге Түрік» мәдениет қорының басқарма төрағасы, Эскишехир қаласының экс-губернаторы Гунгөр Азим Туна, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлу, Ыстамбұл университетінің доценті Емек Ушенмез, сондай-ақ бауырлас елдердің зиялы қауым өкілдері мен тәлімгерлер қатысты.
Жиын барысында Халықаралық Түркі академиясын басып шығарған Юнус Эмре жырларының түрікше-қазақша жинағы, «Түркі әлемі» атласының түрік тіліндегі нұсқасы және көне түркі тіліне тіліндегі Құран кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
https://twesco.org/post/972