Get Mystery Box with random crypto!

Түркияға сапары аясында Халықаралық Түркі академиясының презид | Turkic academy

Түркияға сапары аясында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі биыл 100 жасқа толатын көрнекті түрколог, лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнеп Коркмазбен кездесіп, алдағы мерейтойымен құттықтады.
Кездесуде Академия басышысы Д. Қыдырәлі түркология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін З. Коркмазды Түркі академиясы тарапынан тағайындалған «Вильгелм Томсен» медалімен марапаттады.
Айта кету керек, Түркі академиясы биылғы атаулы мерейтойлар күнтізбесіне ғалым З. Коркмаздың 100 жылдығын атап өтуді қосқан еді.
https://twesco.org/post/973