Get Mystery Box with random crypto!

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің | Turkic academy

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Ораза айт мейрамымен құттықтауы
Қадірлі қауым!
Баршаңызды Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Сабырды шыңдап, мейірімділік пен қайырымдылыққа бастайтын отыз күн оразаның аяқталуы барша мұсылман үшін ұлық мереке.
Бұл жасампаз мейрамды түбі бір түркі халықтары да атап өтеді.
Ынтымағымызды нығайтып, ырысымызды арттыратын қастерлі мерекеде әрбір мұсылман ізгі амалдар жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Осылайша парыз бен парасатты ежелден айрықша бағалаған тамырлас халықтарымыз бұл күнді зор қуанышпен қарсы алады.
Бір ай бойы тұтқан оразаларыңыз қабыл болып, мол сауапқа жазсын.
Айт құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Дархан Қыдырәлі
Халықаралық Түркі академиясының президенті
https://twesco.org/post/975