Get Mystery Box with random crypto!

2 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев | Turkic academy

2 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Өзбекстан Президенті баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшылары күллі мұсылман әлемі үшін қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуына байланысты бір-бірін және бауырлас халықтарды шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, игілік және өркендеу тіледі.
Осы жылдың наурыз айында Жоғары деңгейдегі Өзбекстанға жасаған сапарының жемісті нәтижелері екіжақты қарым-қатынастарды тұтастай қамтитын стратегиялық әріптестік деңгейіне шығаруға мүмкіндік бергені атап өтілді.
Өзбекстан мен Түркия көшбасшылары халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.
https://twesco.org/post/976