Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев | Turkic academy

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, Түркі академиясы негізгі құжаттары құрылтайшы мемлекеттер тарапынан мойындалған, ережелері арнайы заңдармен бекітілген, толыққанды халықаралық ұйымға айналды.

Айта кету керек, Академияның мүше елдері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, ал Мажарстан байқаушы мәртебесіне ие. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.
https://twesco.org/post/979