Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «АЛЖИР» мемориалды-музей ке | Turkic academy

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешенінде әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өткізді.
Тағылымды іс-шара түркі әдебиетінің ірі өкілі, Әзербайжан әнұранының авторы, ағарутшы, көрнекті қоғам қайраткері, Ахмед Джавадтың (Джавада Мухаммедали оглу Ахундзаде) туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Cонымен қатар, қонақтар назарына көрнекті қайраткер А. Джавадтың өмірбаяны мен жары Ахунд-Заде Шукурия Сулейманқызының естелік сұхбаты туралы деректі фильм ұсынылды.
Жиын соңында қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап Құран бағышталды.
Айта кету керек, биыл Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев А. Джавадтың туғанына 130 жыл толуын атап өту жөнінде Жарлыққа қол қойды. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы да аталған мерейтойды 2022 жылдың айтулы даталары тізіміне қосып, бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастыруда.
https://twesco.org/post/980