Get Mystery Box with random crypto!

Ертең 12 мамыр сағат 12:00-де Халықаралық Түркі академиясы ұйы | Turkic academy

Ертең 12 мамыр сағат 12:00-де Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастыруымен «Дүниежүзі түркологтарының мерейтойлары: тарихы және қазіргі заман» атты халықаралық онлайн семинар өтеді.
Аталған іс-шара биыл Күлтегін ескерткішінің орнатылғанына 1290 жыл, сонымен қатар көрнекті түрколог В.В. Радловтың туғанына 185 жыл, көне түркі жазбаларының құпиясын ашушы, әйгілі лингвист Вильгелм Томсен мен орхон ескерткіштерін тұңғыш тапқан зерттеуші, этнограф Н.М. Ядринцевтiң туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Онлайн-семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Моңнолия және Ресей ғалымдары қатысып, баяндама жасайды.
Жиын барысында Түркі академиясы әзірлеген Күлтегін ескерткішінің 14 тілдегі ғылыми және көркем аудармалар жинағының таныстырылымы өтеді.
Семинарға төмендегі сілтеме бойынша қатыса аласыздар:
ZOOM ID: 830 4182 1002
https://us02web.zoom.us/j/83041821002