Get Mystery Box with random crypto!

13-15 мамыр аралығында Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұ | Turkic academy

13-15 мамыр аралығында Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы өтті.
Халықаралық деңгейдегі шараның негізгі бөлімі түрлі тақырыптық панельдік сессиялар және пленарлық отырыстар ұйымдастырылды.
Алқалы жиын барысында Академия басшысы Д. Қыдырәлі түркі әлемі медиакеңістігінің өзара ынтымақтастығы туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, келелі басқосу аясында Академия басшысы Д. Қыдырәлі Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтунмен және Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі, Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиевпен арнайы кездесулер өткізді.
Кездесуде тараптар бауырлас елдер арасындағы екі ел арасындағы ақпарат және БАҚ саласы бойынша өзара ынтымақтастық, қоғамдық дипломатия саласында бірлескен жұмыс жүргізу мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
https://twesco.org/post/993