Get Mystery Box with random crypto!

18 мамырда Халықаралық Түркі академиясында көрнекті түрколог, | Turkic academy

18 мамырда Халықаралық Түркі академиясында көрнекті түрколог, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жасқа толуына арналған алқалы жиын өтті.
Жиынға қатысушылар Қ. Сартқожаұлының түркология саласындағы еңбегі туралы пайымды пікірлерін ортаға салып, ізгі тілектерін жеткізді.
Басқосу соңында Академия басшысы Д. Қыдырәлі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлын мерейтойымен құттықтап, түркология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Түркі академиясының Алтын медалімен марапаттады.
https://twesco.org/post/997