Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырә | Turkic academy

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті.
Елші Отто Иван Рона ұйым басшысына Мажарстанның жуырда қайтадан сайланған Премьер-министрі Виктор Орбанның арнайы ризашылық хатын табыс етті.
Премьер-министр Виктор Орбан өзінің құттықтау хатында Мажарстанда өткен Парламенттік сайлаудағы жеңісіне және Премьер-министр болып қайта сайлануына орай ұйым басшысы Д. Қыдырәлінің жолдаған құттықтауына алғысын білдіріп, Түркі академиясына бақылаушы мемлекет ретінде қатысуын зор мәртебе санайтынын және бауырлас халықтардың ынтымақтастығын нығайту жолында атқарып жатқан қызметін жоғары бағалайтынын жеткізді.
https://twesco.org/post/999