Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Cұлтан қаласындағы ҚР Ұ | Turkic academy

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Cұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ғимаратында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі түрколог, ғалым Мырзатай Жолдасбековтың 85 жасқа толған мерейтойына орай «Кісілік келбеті» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.
Келелі кездесу барысында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Мырзатай Жолдасбековті түркология ғылымына қосқан ерен еңбегі үшін Түркі академиясының арнайы тағайындалған «Вильгельм Томсен» медалімен марапаттады.
Сонымен қатар, тағылымды іс-шара аясында Күлтегін ескерткіші мәтіндерінің әлемнің 14 тіліндегі ғылыми аудармалары жинағы көпшілік назарына ұсынды.
Айта кету керек, Күлтегін жазба ескерткішінің Мырзатай Жолдасбеков жасаған қазақ және орыс тіліндегі жаңғыртпасы оқырман тарапынан жылы қабылданып, кең таралған болатын. Бұл нұсқа да аталған жинаққа енгізілген.
https://twesco.org/post/1004