Get Mystery Box with random crypto!

Ертең, 2022 жылдың 27 мамыр күні Алматы қаласында Халықаралық | Turkic academy

Ертең, 2022 жылдың 27 мамыр күні Алматы қаласында Халықаралық Түркі академиясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінінің (COMSTECH) бірлесіп ұйымдастыруымен «Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумын өткізеді.

Форумның мақсаты Шығыс өркениеті аясында түркі және ислам әлемі халықтарының тарихи жады мен өркениеттік бірлігі жөніндегі сананың жаңғыруына ықпал ету, Түркі академиясы мен ИЫҰ-ға мүше елдердің азаматтарын өзара танысуға, бір-бірінің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін насихаттауға, ИЫҰ елдерінің ғылым мен техника саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығы арттыруға бағытталған.

Офлайн және онлайн форматта өтетін алқалы жиынға Түркі елдері мен ИЫҰ-ға мүше елдердің гуманитарлық сала ғалымдары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, дипломатиялық және депутаттық корпусының өкілдері, сарапшылары қатысады.
https://twesco.org/post/1007