Get Mystery Box with random crypto!

27 мамырда Алматыда Халықаралық Түркі академиясы, әл-Фараби ат | Turkic academy

27 мамырда Алматыда Халықаралық Түркі академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бірлесіп ұйымдастыруымен «Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумы өтті.
Форум аясында Түркі академиясының әзербайжан тілінде әзірлеген Мұхаммед Икбалдың «Islam Dusuncesinin Rekonstruksiyasi» (Исламдық ойды қайта құру) кітабының, сонымен қатар 2020 жылы Исламабадта өткен Әл-Фараби жаһандық форумы материалдарының ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген жинағының, әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактат» атты еңбегінің түрік тілінде жарық көрген нұсқасының (El-Farabi Kitabu’l Musika’l-Kebir) және урду тіліндегі «Икбал энциклопедиясы» атты еңбектің тұсаукесері өтті.
Форумның пленарлық отырысы Икбал философиясы: өткені, бүгіні, болашағы, Икбал философиясы мен поэзиясының жаһандық әсері, ХХІ ғасыр сын-қатерлері және технология тақырыбы бойынша сессиялармен жалғасты.
https://twesco.org/post/1009