Get Mystery Box with random crypto!

Халықаралық Түркі академиясы Баку қаласында ұйымдастырылған І | Turkic academy

Халықаралық Түркі академиясы Баку қаласында ұйымдастырылған І Түркі әлемі әдебиет және кітап фестивалі аясында Әзербайжан бағытында жарық көрген бірнеше кітаптың таныстыру рәсімін өткізді.
Атап айтқанда, көпшілік назарына Низами Гәнжауидің “Жеті ару”, “Ләйлі — Мәжнүн” дастандары қазақтың Таир Жароков, Қасым Аманжолов, Жақан Сыздықов, Дихан Әбілов, Тәкен Әлімқұлов қатарлы көрнекті ақындары аудармалары негізінде құрастырылған толық жинақ ретінде ұсынылды. Әйгілі хамсаның екі туындысын қамтыған басылым танымал әзербайжандық суретші Фахраддин Али Вәлиоғлының арнайы салған графикаларымен безендірілген.
Сонымен қатар, Әлішер Науаидың Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген әзербайжан тіліндегі “Таңдамалы шығармалар” жинағына оның Хамсасындағы бес дастан толығымен енгізілген.
Бұған қоса, фестиваль аясында Абай қарасөздерінің Аида Эйвазова тәржімелеген әзербайжан тіліндегі басылымы таныстырылды.
https://twesco.org/post/1014