Get Mystery Box with random crypto!

Шушаның 270 жылдығы және Хуршудбану Натаванның 190 жылдығы ата | Turkic academy

Шушаның 270 жылдығы және Хуршудбану Натаванның 190 жылдығы аталып өтті
Халықаралық Түркі академиясы Бакуде Шуша қаласының 270 жылдығына және әзербайжан ақыны Хуршубану Натаванның туғанына 190 жыл толуына арналған конференция өткізді.
І Түркі әлемі әдебиеті және кітап фестивалі аясында ұйымдастырылған басқосуда Түркі академиясы шығарған “Қарабақ: Әзербайжанның жауһары” атты альбом-кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Қазақ тілінде жарық көрген бірегей басылым Қарабақтың тарихы, мәдениеті және табиғаты туралы сыр шертеді.
Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Мажидли басқосудың маңыздылығын атап өтіп, альбом-кітап туралы мәлімет берді. Ол өз сөзінде 44 күндік соғыс кезінде әзірленген аталған басылым мол мәліметті қамтыған энциклопедия болып саналатынын және Қарабақ туралы алғашқы іргелі еңбек екенін айтты.
Басқосу соңында қатысушылар Түркі академиясы басып шығарған ғылыми еңбектермен танысты. https://twesco.org/post/1013