Get Mystery Box with random crypto!

Turkic academy

Telgraf kanalının logosu turkicgram — Turkic academy T
Telgraf kanalının logosu turkicgram — Turkic academy
Kanal adresi: @turkicgram
Kategoriler: Haberler , Resimler ve fotoğraflar
Dilim: Türk
aboneler: 514
Kanaldan açıklama

Еріктілердің Халықаралық Түркі академиясын қолдау бағытындағы телеграм тобы (ресми емес)
Телеграм-канал волонтеров в поддержку Международной Тюркской академии (неофициальный)
Türk dünyası haberleri, görseller, multimedia, istatistikler, bilg

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


En son Mesajlar 4

2022-05-23 14:49:45
Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында белгілі этнограф, суретші Ералы Оспанұлының шығармашылығына арналған «Ою-өрнектер әлемі» атты алқалы жиын өткізді.

Келелі басқосу аясында Е. Оспанұлының «Қазақ ою-өрнегінің Атласы» және «Қошетер» қазақ халқының қолөнері» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
https://twesco.org/post/1002
25 views11:49
Aç / Yorum Yap
2022-05-20 13:27:17
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті.
Елші Отто Иван Рона ұйым басшысына Мажарстанның жуырда қайтадан сайланған Премьер-министрі Виктор Орбанның арнайы ризашылық хатын табыс етті.
Премьер-министр Виктор Орбан өзінің құттықтау хатында Мажарстанда өткен Парламенттік сайлаудағы жеңісіне және Премьер-министр болып қайта сайлануына орай ұйым басшысы Д. Қыдырәлінің жолдаған құттықтауына алғысын білдіріп, Түркі академиясына бақылаушы мемлекет ретінде қатысуын зор мәртебе санайтынын және бауырлас халықтардың ынтымақтастығын нығайту жолында атқарып жатқан қызметін жоғары бағалайтынын жеткізді.
https://twesco.org/post/999
32 views10:27
Aç / Yorum Yap
2022-05-20 13:24:16
18 мамырда Халықаралық Түркі академиясында көрнекті түрколог, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жасқа толуына арналған алқалы жиын өтті.
Жиынға қатысушылар Қ. Сартқожаұлының түркология саласындағы еңбегі туралы пайымды пікірлерін ортаға салып, ізгі тілектерін жеткізді.
Басқосу соңында Академия басшысы Д. Қыдырәлі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлын мерейтойымен құттықтап, түркология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Түркі академиясының Алтын медалімен марапаттады.
https://twesco.org/post/997
32 views10:24
Aç / Yorum Yap
2022-05-17 07:54:30
Ыстанбұл қаласында Халықаралық Түркі академиясы Түркі мемлекеттер ұйымы және Түркия Ұлттық Білім министрлігінің қолдауымен түркі елдерінің ортақ оқулықтар жөніндегі конференция басталды.
Алқалы жиынның ашылуына Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Ұлттық білім министрінің орынбасары Петек Ашкар, сондай-ақ мүше мемлекетттердің өкілдері, білім және ғылым саласының үздік мамандары мен сарапшылары қатысты.
16-18 мамыр аралығында өтетін басқосуда Академия тарапынан әзірленіп, түркі елдернің орта мектептерінде оқыталатын ортақ георграфия, ортақ әдебиет, ортақ тарих оқулықтарының таныстырылымы өтіп, соңғы нұсқалары сарапшылардың талқысынан өтіп, бірегей нұсқасы қабылданатын болады.
https://twesco.org/post/995
31 views04:54
Aç / Yorum Yap
2022-05-17 07:53:58
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Ыстамбұл қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтунмен кездесті.
Кездесуде тараптар бауырлас елдер арасындағы екі ел арасындағы ақпарат және БАҚ саласы бойынша өзара ынтымақтастық, ақпараттық қауіпсіздік және медиа саласындағы ынтымақтастық жайынды пікір алмасты.
Кездесу соңында Академия басшысы Д. Қыдырәлі Ф. Алтунменға ұйымның басып шығарған бағалы басылымын тарту етті.
https://twesco.org/post/994
23 views04:53
Aç / Yorum Yap
2022-05-17 07:53:23
13-15 мамыр аралығында Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы өтті.
Халықаралық деңгейдегі шараның негізгі бөлімі түрлі тақырыптық панельдік сессиялар және пленарлық отырыстар ұйымдастырылды.
Алқалы жиын барысында Академия басшысы Д. Қыдырәлі түркі әлемі медиакеңістігінің өзара ынтымақтастығы туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, келелі басқосу аясында Академия басшысы Д. Қыдырәлі Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтунмен және Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі, Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиевпен арнайы кездесулер өткізді.
Кездесуде тараптар бауырлас елдер арасындағы екі ел арасындағы ақпарат және БАҚ саласы бойынша өзара ынтымақтастық, қоғамдық дипломатия саласында бірлескен жұмыс жүргізу мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
https://twesco.org/post/993
30 views04:53
Aç / Yorum Yap
2022-05-11 20:17:57
Ертең 12 мамыр сағат 12:00-де Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастыруымен «Дүниежүзі түркологтарының мерейтойлары: тарихы және қазіргі заман» атты халықаралық онлайн семинар өтеді.
Аталған іс-шара биыл Күлтегін ескерткішінің орнатылғанына 1290 жыл, сонымен қатар көрнекті түрколог В.В. Радловтың туғанына 185 жыл, көне түркі жазбаларының құпиясын ашушы, әйгілі лингвист Вильгелм Томсен мен орхон ескерткіштерін тұңғыш тапқан зерттеуші, этнограф Н.М. Ядринцевтiң туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Онлайн-семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Моңнолия және Ресей ғалымдары қатысып, баяндама жасайды.
Жиын барысында Түркі академиясы әзірлеген Күлтегін ескерткішінің 14 тілдегі ғылыми және көркем аудармалар жинағының таныстырылымы өтеді.
Семинарға төмендегі сілтеме бойынша қатыса аласыздар:
ZOOM ID: 830 4182 1002
https://us02web.zoom.us/j/83041821002
6 views17:17
Aç / Yorum Yap
2022-05-05 11:12:57
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесті.
Кездесуде тараптар алдағы уақытта өтетін Халықаралық Түркі академиясының кезекті Ғылыми кеңесі мен Білім министрлерінің V отырысының күн тәртібін талқылады.
Айта кету керек, алдағы айда Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған жиында Академияға мүше мемлекеттердің мектептерінде оқытылатын ортақ тарих, әдебиет және география оқулықтары бойынша нақты шешім қабылданады деп күтілуде. Бұдан бөлек атқаратын жобалар мақұлданып, мерейтойлар мен атаулы даталар кестесі бекітіледі және Кеңес төрағалығы Қазақстан тарапына өтеді.
Сонымен қатар тараптар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында Академия басшысы ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен бастамаларына қолдау білдірген министр А. Аймағамбетовке ризашылығын білдірді.
https://twesco.org/post/982
16 views08:12
Aç / Yorum Yap
2022-05-05 11:09:48
Бүгүн Кыргыз Республикасынын Конституция Күнү
Эл аралык Түрк академиясынын жетекчилиги жана жамааты боордош кыргыз элин Конституция Күнү менен чын жүрөктөн куттуктап, өнүгүүнүн жаңы баскычына кирген өлкөгө ынтымакты, биримдикти жана гүлдөп-өнүгүүнү каалайт.
Кыргыз Республикасынын көз карандысыз мамлекет катары биринчи Конституциясы 5-майда, 1993-жылы Жогорку Кеңештин 12-сессиясында кабыл алынгандыгын белгилей кетүү керек. Өткөн жылы жалпы элдик референдум аркылуу 5-майда күчүнө кирген жаңы Конституция кабыл алынган.
https://twesco.org/post/981
15 views08:09
Aç / Yorum Yap
2022-05-04 14:41:41
Сегодня Международная Тюркская академия провела мероприятие в мемориально-музейном комплексе «АЛЖИР», посвященное памяти жертв политических репрессий в Азербайджане.
Мероприятие было приурочено к 130-летию со дня рождения Ахмеда Джавада (Джавада Мухаммедали оглу Ахундзаде), крупнейшего представителя тюркской литературы, автора гимна Азербайджана, просветителя, видного общественного деятеля.
https://twesco.org/post/980
19 views11:41
Aç / Yorum Yap